Ссылки доступа

Петербург соты трансгендерлердің құжаттарын өзгертуге рұқсат берді


2015 жылдан бері қалалық АҚАЖ бөлімі жыныстарын өзгерткенін растайтын хирургиялық операция болған деген анықтама болмаса, жаңа құжат беруден бас тартқан. Тек соңғы айларда ғана бұл тығырықтан шығуды сот шешімі арқылы тапқан.

АҚАЖ трансгендерлі адамдарға жаңа құжат беруден бас тартқаннан кейін, азаматтар сотқа жүгінген. Алайда сотта белгілі болғандай, барлық халықаралық тәжірибе бойынша дәрігердің анықтамасынсыз жаңа құжат беруге тиісті екен.

ЛГБТ "Выход" бастамашыл тобының баспасөз хатшысы Ника Юрьеваның сөзінше, істердің сотта жеңгені маңызды емес, ең маңыздысы сот шешімінің ұзаққа созылмай орындалуы. Себебі өзінің болмысына сәйкес емес құжатпен өмір сүру өте қиын дейді ол.

XS
SM
MD
LG