Ссылки доступа

Ташкент ШЫҰ саммиті алдында паспорттық бақылауды күшейтті


Кешкі сағат 9-дан кейін милиция Тәшкентте тіркеуі жоқ және жеке құжатсыз жүрген азаматтарды ұстап, 60 доллар көлемінде айыппұл салып жатыр. "Озодлик" радиосына сұхбат берген тәшкенттік студент бір ай бойында астана тұрғындары қалада паспортсыз жүре алмайды дейді.

Тәшкентте уақытша тұрып жатқан Өзбекстанның өзге облысының тұрғындарын ұстап, астанадан кетуді талап етіп, не болмаса 15 тәулікке қамап жатыр екен.

Сұрхандариядан келген Тәшкент қаласындағы Юнусабад ауданындағы дүкендердің бірінде жұмыс істейтін Орал есімді азамат соңғы айларда көшеге шығу үшін де, қолымызға құжат алып шығамыз дейді.

Өзбекстанда саммитке бір жыл бойында дайындалып жатыр. Тәшкент, Бұхара, Самарқанд және Үргенчіде оқу 20 күнге қысқарған, 10 маусымнан бастап студенттер жаппай демалысқа шығады. 28 мамырдан бастап Тәшкенттің басты көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылған.


XS
SM
MD
LG