Ссылки доступа

Тәжікстанда оқушылардың екінші рет улануынан кейін арнайы комиссия құрылды


Жергілікті шенеуніктердің хабарлауынша, 1 маусымда оқушылардың улануы екінші рет қайталанғаннан кейін үш күнге демалыс жариялап, зардап шеккендерді аудандық ауруханаға жатқызған.

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің мәліметі бойынша, оқиғадан кейін арнайы комиссия құрылып, Ходжагалтон қышлағындағы дәрігерлік пунктте оқушыларға көмек көрсету штабы құрылған. Бір оқушының жағдайы өте ауыр, оны Куляб қаласының ауруханасына жеткізген.

Ходжагалтон қышлағының тұрғыны Муртазо Сараев кешегі күннен бастап 36 оқушының уланғанын, екінші рет есінен танған оқушыларды дәрігерлік пунктте тексеріп жатқанын, ал кейбірін аудандық ауруханаға жібергенін айтады.

Қышлақ тұрғындары зардап шеккендердің қандарын тексерген. Бірақ себебі әлі күнге анықталмаған. Дәрігерлер оқушылардың улануын шыбынға қарсы химиялық дәріден көреді. Алайда қышлақ тұрғыны Сараев қышлақта ауа-райы салқын екенін, мұнда жазда шыбын болмайтынын айтып, оқушылардың улануына өзге химиялық құрал себеп болуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG