Ссылки доступа

Еуроодақ Ислам партиясы жетекшілеріне қатысты қатал үкімді сынға алды


"Тәжікстан халықаралық заңдық міндеттерге қарсы келіп отыр. Сотталушылардың айыптарын оларға тағып отырған барлық баптар бойынша, жан-жақты дәлелдеулері тиіс еді. Жоғарғы соттың шешімі тәжік қоғамының бірлігіне нұқсан келтіреді. Тәжікстан азаматтарының негізгі құқықтары қамтамасыз етілуі тиіс еді. Әрі заңның әділеттілігі орын алу керек еді", -делінген Еуропалық Одақтың мәлімдемесінде.

2 маусымда Тәжікстанның Жоғарғы сотының шешімімен Исламның жаңаруы партиясының 14 жетекшісі айыпты деп танылып, әртүрлі ауыр жазаған кесілген.

Партия төрағасының екі орынбасары Саидумар Хусайни мен Махмадали Хаит өмір бойы түрме жазасына кесілсе, қалған сотталушыларды 2 жылдан 28 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды. 2 жылға Ислам партиясының заңгері, жалғыз әйел Зарафо Ходжаеваны соттаған.

XS
SM
MD
LG