Ссылки доступа

БҰҰ ИМ белсенділігінің артқанын айтады


Соңғы алты айда БҰҰ мәліметінше, ИМ ұйымының шабуылдауынан 11 елде 500-ден астам адам қайтыс болған. Оның ішінде бейбіт тұрғындар да бар.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2 маусымда жариялаған есебінде Сирия мен Ирактан оралып жатқан шетелдік содырлардың саны өскені айтылған. "Қараша айындағы Париждегі шабуылдар мен наурыз айындағы Брюссельдегі теракті ИМ-нің Сириядан оралған лаңкестердің қолымен күрделі шабуылдарға бара алатынын көрсетті" делінген құжатта.

Онда сонымен бірге бірнеше жүздеген содырлардың қайтадан Ливияға қоныстанғаны, ал Сириядан оралғандар ИМ стратегиясы аясында мүшелерін көбейту үшін жаңа байланыстар орнатуға тырысып жатқаны айтылған.

XS
SM
MD
LG