Ссылки доступа

АҚШ Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы мәселеге қатысты Пекинді ескертті


Джон Керри

Джон Керри

Қытай адмиралы Сунь Цзяньго бүгін Сингапурдегі баспасөз мәслихатында өз елі Оңтүстік Қытай теңізінде ешкімге проблема тудырып отырмағанын, ал өзге елдер тудыратын проблемалар мен шиеленістерден Қытайдың қорықпайтыны туралы мәлімдеген. Оның сөзінше, Пекин бұл мәселеге байланысты қайшылықтарды келіссөздер арқылы еңсеруге ниетті.

Сол күні Моңғолияда сапармен жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вашингтон Оңтүстік Қытай теңізінде әуе қорғанысы аймағын құруды арандатушы және тұрақтылықты шайқалтатын акт деп қабылдайтынын мәлімдеген. Ол мұндай іс-қимылдар Қытай мен азиялық өзге мемлекеттер арасын шиеленістіреді деген. Бұған дейін АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі саясаты бұл елді оқшаулауға алып келуі мүмкін деп мәлімдеген.

Қытай 2013 жылы Шығыс Қытай теңізінің үстінде әуе шабуылынан қорғаныс аймағын құратынын біржақты түрде жариялаған. Қытайдың іс-әрекетіне Оңтүстік Қытай теңізі мен Шығыс Қытай теңізіндегі бірнеше аралға таласы бар осы аймақтағы кейбір елдер алаңдаушылық танытқан.

XS
SM
MD
LG