Ссылки доступа

Ресей және сириялық әуе күштер Алеппоға соққы берді


Алеппо в дни конфликта, 30 мая 2016

Алеппо в дни конфликта, 30 мая 2016

Тек бір күннің ішінде, 5 маусымда Алеппо тұрғындары қала мен аймақтарда 50-ге жуық әуе соққы жасалғанын айтады. Штаб-пәтері Ұлыбританияда орналасқан Сириялық құқық қорғау орталығы кемінде 16 бейбіт тұрғын әуе шабуылынан қаза тапты дейді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қарулы оппозиция бақылайтын аймақта 32 адам құрбан болған. 18 адамның денесін қираған ғимараттан алып шыққан.

Сириялық мемлекеттік БАҚ болса, Алеппо ауданында кемінде 20 "көтерілісші" қаза тапты деп хабарлайды.

Алеппо Түркия шекарасынан шамамен 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Қаланың бір бөлігін үкімет әскері бақыласа, екінші бөлігі президент Башар Асадтың биліктен кетуіне күш салып жатқан қарулы оппозицияның қолында.

XS
SM
MD
LG