Ссылки доступа

Ақтөбеде қарулы шабуыл орын алды (видео)


"Нақтыланған мәліметтер бойынша, қылмыскерлер "Паллада" қару дүкеніне қарулы шабуыл жасап, сатушы мен күзет агенттігі қызметкерін өлтірген, сонымен бірге оқиға орнына келген полиция патрулінің үш қызметкерін атып жаралаған. "Пантера" қару дүкеніне шабуыл кезінде қылмыскерлер дүкенге келген адамды өлтіріп, тағы біреуін жаралаған. Оқиға болған жерге жеткен полиция тобы шабуылдағандардың үшеуінің көзін жойып, біреуін қолға түсірген" деп хабарлаған ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев tengrinews сайты тілшісіне телефон арқылы.

Оның мәліметі бойынша, ұлттық гвардия әскери бөліміне шабуыл жасау үшін қарулы топ маршруттық автобусты басып алып, ондағы көлік жүргізуші мен жолаушыларды түсіріп тастаған. Одан соң автобуспен қақпаны соғып сындырып, территорияға өткен соң қарудан "бей-берекет оқ атып, әскери қызметкерлердің үшеуін өлтіріп, алтауын жаралаған".

Ақтөбеде полиция жексенбіде шабуылдағандардың қашып үлгергендерін іздестіріп жатыр. Бұған дейін бірнеше күдіктінің із жасырғаны туралы хабарланған. Полиция бұл оқиғаларға дәстүрлі емес діни ағымның радикалды өкілдерінің қатысы болуы мүмкін деген болжам айтады.

Ақтөбедегі оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерден алынған бейнежазбалар:

​Еще одно видео из YouTube:

Ақтөбеде антитеррорлық операция режимі жарияланды. Тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес береді.

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парағында Ақтөбедегі оқиғалар жайлы пікірін жариялады.

"Қасиетті Ораза қарсаңындағы Ақтөбедегі теракт – бандиттердің шектен шыққан арсыздығы мен қаныпезерлігін көрсетті. Оларды жазалаудың ең қатал шаралары қолданылады" деп жазды ол.

Дәл осы Ақтөбеде бес жыл бұрын Қазақстан тарихында бірінші теракті орын алған: 2011 жылдың 17 мамырында 25 жастағы Ақтөбе тұрғыны Рақымжан Махатов ҰҚК Ақтөбе облыстық департаменті ғимаратында өзін жарып жіберген. Жанкештінің өзі қайтыс болып, тағы да үш адам жараланған.

XS
SM
MD
LG