Ссылки доступа

Тәжікстан Рамит шатқалында қорғанысты күшейтеді


Рахмон сөзінде Тәжікстанның қорғаныс күшін барынша көтеру керектігін айтқан.

Жаңа әскери бөлім құрылған Рамит шатқалында былтыр күзде "Ходжи Халим" лақап атымен танымал қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзоданың жақтастарымен үкімет әскері арасында шабуыл орын алған.

Абдухалим Назарзода мен оның жақтастары Душанбеден 50 шақырым қашықтықтағы Рамит шатқалында жасырынған. Оларға қарсы үкіметтің арнайы операциясы бірнеше күнге созылып, соңы генерал Назарзоданың өлімімен аяқталды.

Соңғы жылдары Рамит шатқалы БАҚ-та жаңа демалыс орнының құрылысымен және Покруд алтын кенішінің 100 пайыз акция пакетіне иелік ететін China Nonferrous Gold Limited қытай компаниясына қатысты жиі айтылады.

XS
SM
MD
LG