Ссылки доступа

"Вконтакте": қолданушылардың мәліметтер базасы бұзылған жоқ


Ресейлік "Вконтакте" әлеуметтік желісінің әкімшілігі қолданушыларының мәліметтер базасы бұзылды деген ақпаратты теріске шығарды. РБК хабарлағандай, "Вконтакте" баспасөз хатшысы Евгений Красников мәліметтер базасы бұзылмаған, ақпарат тек алаяқтар 2011-2012 жылдары жинаған ескі логиндер мен кілтсөздерге қатысты болған.

Алдын Peace хакері сандық технология қара нарығына "Вконтакте" желісінің 100 миллион аккаунтын сатылымға шығарды деген ақпарат шыққан. Ұрланған ақпаратта логин, кілтсөз, телефон нөмірлері мен электронды адрестер болған.

Белгілі болғандай, мәліметтер базасы 2011-2013 жылдар аралығында бұзылған. Хакер бір ақпарат үшін шамамен 580 доллар сұраған деп жазады Motherboard сайты. Хакерден мәліметтер алған LeakedSource сайты алған кілтсөздерді жариялаған.

"Вконтакте" желісінде бір жарым миллион қолданушы "123456", "qwerty" немесе "11111" деген қарапайым кілтсөздерді қолданған. Хабарламада мұндай кілтсөздер қазіргі талаптарға сәйкес келмейтіні айтылған.

XS
SM
MD
LG