Ссылки доступа

Белоруссияда Қырымды "ресейлік" деп көрсетілген глобустар сатылымнан алынған


Euroradio.fm'нің хабарлауынша, глобустарды сатылымнан шығару, Могилев облыстық сауда және қызмет көрсету басқармасының қалалық сауда орындарының иелеріне "Қырымның территориалдық тұтастығы әлемдік қауымдастық мойындайтыннан бөлек болатын әлемнің саяси карталарын және глобустарды сатпау" жөніндегі нұсқауы түскеннен кейін басталған.

Белоруссиялық социал-демократиялық "Громада" партиясы жетекшісінің орынбасары Игорь Борисовтың үндеуінен кейін, бұл мәселемен жергілікті билік айналыса бастаған.

Ол бұл өнімдер сатып алушыларды жаңылыстырады әрі бұл Белоруссияның Қырым жөніндегі ресми ұстанымына қарама-қайшы деп мәлімдеген.

Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп көрсеткен глобустарды польшалық ZACHEM-GŁOWALA фирмасы шығарған. Компания директоры Кшиштоф Гловала ресейлік нарықты жоғалтып алмау үшін, Қырым аралының территориялдық аумағын дұрыс көрсетпедік деп мойындаған.

XS
SM
MD
LG