Ссылки доступа

Қырғызстан мен Ресей мұнай өнімдерін баж салығынсыз жеткізу жөнінде келісімге келді


Құжатта Ресей Қырғызстанның ішкі қолданысы үшін жеткізетін мұнай және мұнай өнімдерінен баж салығын алмайды деп жазылған.

Баж салығынсыз мұнай өнімдерінің көлемі 31 желтоқсанда нақтыланатын болады.

Елге жеткізілетін мұнай өнімдерін қайтадан өзге елге экспорттауға қатаң тыйым салынған. Егер келісім бұзылған жағдайда Ресей баж салығынсыз жеткізуді тоқтатады.

Еске сала кетейік, Ресей Қырғызстанға шамамен 90 пайыз мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдайды. Елдің жылдық сұранысы бір миллион тоннадан асады.

Келісім екі мемлекет қажетті ішкі рәсім-шарттарын орындағаннан кейін барып, күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG