Ссылки доступа

Наргиз Закирова 20 жыл отасқан күйеуімен ажырасуды шешкен


әнші Наргиз Закирова.
әнші Наргиз Закирова.

Әншінің сөзінше, ол Нью-Йоркте некеде тұрған италияндық күйеуімен ажырасу үшін құжаттарын әзірлеп, шағым түсіріп қойғанын да баяндаған. Закирова алдымен отағасымен бейбіт түрде ажырасуды сұраған екен, бірақ ол келіспеген.

"Өкінішке қарай, бізге сот арқылы ажырасып, сонда мәселемізді шешуге тура келеді," – деген әнші life.ru сайтына берген сұхбатында.

Наргиздің айтуынша, отбасындағы басты кикілжің, қаржылық келіспеушіліктен туған.

Қазір әншіге ажырасу процестерімен Максим Фадеев продюсерлік орталығының заңгерлері көмектесудеекен. Ол – бұл орталықтың әртісі. Әнші қазір Қалмықта гастрольдік сапармен жүр.

Наргиз Закирова Тәшкентте танымал музыканттардың отбасында дүниеге келген. Оның атасы — танымал опера әншісі, Өзбек ССР-нің халық әртісі Карим Закирова. Наргиздың анасы – әнші Луиза Закирова, ағалары – танымал Батыр және Фаррух Закировтар.

Наргиз 1995 жылы АҚШ-қа отбасымен көшіп кеткен. Әнші пост советтік елде 2014 жылы ресейлік Бірінші арнаның "Голос" вокальдық байқауында жеңімпаз атанғаннан кейін қайтадан танымал бола бастады.

XS
SM
MD
LG