Ссылки доступа

Бішкек Ақтөбедегі шабуылдан кейін "ұрысқа дайындықты" күшейтіп жатыр


"Республиканың ішкі істер органдарының барлық артық құрамы 6 маусымнан бастап ұрысқа дайындық режиміне көшірілді", — деп мәлімдеді Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы. Ол "Қазақстанның Ақтөбе облысында террористік және экстремистік ұйымдардың белсенділігі артқанын" атап өткен. ІІМ мәлімдеуінше, бұл шаралар 6-7 маусымда Бішкекте өтіп жатқан ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін қажет.

5 маусымда Ақтөбеде белгісіз қарулы топ екі қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөлімшесіне шабуыл жасады. Жексенбі күні орын алған шабуылдан кемінде 17 адам қайтыс болған. Оның ішінде екі бейбіт тұрғын бар. Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, бірнеше ондаған адам жараланған.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі шабуылды "діни радикалды топ" жасады деп мәлімдеді. Тоғыз күдікті ұсталған. Тағы да 6-7 адамға іздеу жарияланғанын айтты Қазақстанның ішкі істер министрлігі.

XS
SM
MD
LG