Ссылки доступа

Ресейдің спорт жұлдызы тәжіктен қалыңдық іздейді


Шохзод Гуломзода есту қабілеті төмен спортшылар арасында өтетін бұл жарыста 2013 жылы Болгарияның астанасы Софияда өткен Сурдлимпия ойындарында жеңіп алған жеңімпаз атағын қорғайтын болады.

Бадминтоннан федерация кеңесінің мүшесі Евгений Исаков Шохзода Гуломзода Ресей құрамасының басты үміті екенін айтып, оның Самсунда да алтын медаль әкелетініне сенеді.

Шохзод Гуломзода Ресейде тұрып, осы елдің атынан жарысқа түсетініне қарамастан, оның әкесі Худодаги Гуломов ұлының Тәжікстанда тұратын тәжік қызына үйленгісі келетінін айтады. "Ұлым өзінің халқына, Тәжікстанға қатты ынтық", - дейді әкесі.

Худодаги Гуломов Ресейдің болашағы бар спортшыға жасап отырған жағдайы, Тәжікстаннан әлдеқайда ерекшеленетінін айтады. Оның ұлына ресейлік билік жарыстарға еркін дайындалу үшін, айына 30 мың рубль зейнетақы және 80 мың рубль шәкіртақы төлейді екен.

XS
SM
MD
LG