Ссылки доступа

"Росбалт": Немцовты автоинспекция көлігі сақтап қалар еді


Анзор Губашев

Анзор Губашев

Губашев видеотаспаға жазылған сөзінде қанды оқиғаға дейін Немцов мінген көлік "қауіпсіздік аралы" аталып кеткен Үлкен Москворецкий көпіріне тоқтаған.

Саясаткер көліктен шығып, Қызыл алаңға қарай жүрген. Оны өлтірмек болған жендеттер соңынан жүруге қорыққан, себебі көпірде мемлекеттік автоинспекция көлігі тұрған. Олар тіптен ойларын жүзеге асырудан айнып, керіп кетпек болған. Бірақ сол сәтте полиция көлігі кетіп қалған. Сосын барып, айыпталушылар Немцовтың соңынан түскен.

Борис Немцов 2015 жылдың 28 ақпанында Үлкен Москворецкий көпірінде жендеттердің қолынан қаза тапты. Саясаткердің өліміне қатысы бар деп бес адам тұтқындалған. Тергеу ісі қылмысқа тапсырыс берген және ұйымдастырған Шешенстан ІІМ "Север" батальонының бұрынғы сарбазы Руслан Мухудинов деп есептейді. Немцовтың туыстары мен жолдастары Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың қылмысқа қатысы барын айтып, оның тергелуін талап етеді.

XS
SM
MD
LG