Ссылки доступа

Ақтөбеде шабуылға күдіктілерге іздеу жарияланды


Күдіктілердің жас шамалары - 26-33 жас аралығында. Іздеу жарияланғандардың бесеуі - Ақтөбе облысының тумасы, екеуі - Ақмола және Қызылорда облыстарының тумалары. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті іздеу жариялаған күдіктілер - Дмитрий Таңатаров, Арсен Таңатаров, Айдос Жұбанов, Бақыт Қуанышбаев, нұрлан Сейілов, Әлібек Ақпамбетов, Айдар Башымов.

Жергілікті полиция күдіктілер туралы қандай да бір мәлімет білетін ақтөбеліктердің хабар беруін сұрайды. Хабарландырулар жергілікті телеарналардан оқтын-оқтын беріліп жатыр. WhatsApp арқылы да ақпарат таратып жатыр. Ақтөбедегі арнайы операция әлі де аяқталған жоқ. Сондықтан атқарушы билік қала тұрғындарының қауіпсіздік мәселесіне айрықша мән беруін сұрайды.

Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, 5 маусымнан бері атыс пен террорға қарсы операциядан оққа ұшқан күдіктілер саны 13-ке жетті. 5 маусымдағы шабуылдан 7 адам, оның ішінде төрт бейбіт тұрғын мен үш әскери қызметкер қаза тапқан. Қазір Ақтөбе ауруханаларында террорға қарсы операция кезінде жарақат алған 21 адам ем алып жатыр. Олардың бесеуі - шабуыл жасады деген күдікті.

XS
SM
MD
LG