Ссылки доступа

Бішкек соты ел президентіне қарсы арызды қарайды


Бүгін Бішкекте Бірінші май аудандық сотында құқық қорғаушылар Азиза Абдирасулова мен Толекан Исмаилованың ар-ождандары мен абырой-беделдерін қорғау үшін президентке қарсы шағымдары қаралады. Бұл жөнінде құқық қорғаушылардың "Бир Дуйно – Қырғызстан" қозғалысы хабарлайды.

Құқық қорғаушылар ел президенті өздеріне қарсы айтылған сөздері үшін ресми түрде кешіріп сұрауы керек. Арызда көрсетілгендей, моральдық шығын ретінде олар Қырғызстан басшысынан 2 миллион сом талап етеді.

Еске сала кетейік, мамыр айының ортасында "Халықтық парламент" қоғамдық бірлестігінің жетекшілері билікті күшпен басып алмақ болды деген айыппен тұтқындалған. 12 мамырда "Халықтық парламенттің" өткізген жиынына құқық қорғаушылар Азиза Абдирасулова мен Толекан Исмаилова да қатысқан.

14 мамырда Ана күніне арналған шарада ел президенті Алмазбек Атамбаев "Халықтық парламент" мүшелері елдегі жағдайды шайқалтуға тырысып жатыр деп мәлімдеп, ал құқық қорғаушыларды "шетелдік гранттарын адал атқарып жүр" деген еді.

Осыдан кейін құқық қорғаушылар президенттің атына арнайы үндеу жариялап, кешірім сұрауын талап еткен. Олар "Халықтық парламент" отырысынан тек ғана мониторинг жүргізгендерін айтады.

XS
SM
MD
LG