Ссылки доступа

Башар Асад: "Біз жеңіске жеткенше күресті тоқтатпаймыз"


Сирия президенті Башар Асад

Сирия президенті Башар Асад

"Біздің террористермен соғыс жеңіске жеткенше жалғасады", – деді Асад. Оның сөзінше, осыдан екі ай бұрынғы ахуалға қарағанда, қазіргі үкімет күшінің жағдайы әлдеқайда қуатты. Сирия президенті сонымен бірге өзінің үкіметі үшін жалғыз жол — жеңіс екенін айтты. Олай болмаған жағдайда Сирия болмайды дейді.

Ресейдің әуе күштері Сирияда қыркүйек айынан қазіргі билікті қолдап, оның қарсыластарына шабуыл жасап келеді. 2016 жылдың наурыз айында сирия әскері ресейлік авиацияның қолдауымен "Ислам мемлекеті" радикалды тобынан Пальмирді қайтарып алды.

XS
SM
MD
LG