Ссылки доступа

"Домодедоводағы" терактіден зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады


Мамыр айында Тергеу комитеті зардап шеккендердің шағымы бойынша, әуежайдың активтерін "тұтқынға аламыз" дегеннен кейін ғана, "Домодедово" өкілдері теракті ісі аясында өтемақы төлеуге келіскен.

Бұл іске жақын дереккөз төленеуге тиіс қаржының көлемі - 150 миллион рубль екенін айтады. "Ведомости" газеті өтемақының көлемі Ресейдің Тергеу комитетінің айтқан сомасынан 450 есеге аз екенін жазады. Александр Бастрыкин өтемақы көлемі миллиард доллар деген.

Қордың өтемақысы шағымданушылардың талап-арызына қатысы жоқ. Бірақ зардап шегушілердің адвокаты Игорь Труновтың сөзіне қарағанда, материалдық көмек алғаннан кейін, азаматтар әуежай қожайыны Дмитрий Каменщикке қарсы шағымдарын қайтарып алулары қажет деген келісім болған.

Әуежайдың қауіпсіздік талаптарына қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін, Дмитрий Каменщик ақпан айынан бері үйқамақта отыр. 2011 жылдың 24 қаңтарында "Домодедово" әуежайының ұшып келу залында жанкешті өзін жарып, салдарынан 37 адам қайтыс болды. 170-тен астам адам жараланды. Бұл іске қатысты әуежайдың үш топ-менеджері қамалған.

Бас прокуратура Ресейдің Тергеу комитетінен "Домодедово" басшыларын қудалауды тоқтатуын талап еткен.

XS
SM
MD
LG