Ссылки доступа

Стамбулде терактінің жай-жапсарын тексеріп жатыр


Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаларға қарағанда, көліктер мен жақын аймақтағы үйлердің қасбеті қатты зақымданған. Әсіресе, төменгі қабаттағы азық-түлік дүкендері зардап шеккен.

Түрік ақпарат құралдары жергілікті тұрғындарға қала орталығына бармауға, үйлерінен шықпауға және иесіз заттарға тиіспеуге кеңес береді. Белгісіз түйіншектерде жарылғыш заттар болуы мүмкін дейді. Полицейлер қоғамдық көліктерде азаматтардың құжаттарын тексеріп жатыр. Туристік орындарда күзет күшейтілген. Мұражайларда адам саны азайған. Билік Босфор бұғазына саяхат жасауды тоқтатып, Топкапы мен Айя-София мұражайын уақытша жапқан. Сонымен бірге шетелдік туристердің Стамбул қонақүйлерін тастап кетіп жатқаны айтылады. Жергілікті тұрғындар арасында тағы да теракті болу қаупі кең тарап жатыр.

Болған жарылысқа жауапкершілікті әзір ешкім мойнына алмады. Жергілікті БАҚ-та күрд бүлікшілерінің және "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қатысы бары айтылып жатыр. Аталған топтар Түркияға Анкара Сириядағы әскери операцияға қатысқаны үшін бірнеше рет сес көрсеткен.

Алдын- ала тергеу ісі бойынша, жарылғыш зат қашықтықтан басқарылған. Көлікке қойылған жарылғыш зат полиция автокөлігі жүріп бара жатқан кезде іске қосылған.

XS
SM
MD
LG