Ссылки доступа

Тәжікстанға виза алу жеңілдеді


2015 жылы Тәжікстанға 430 мыңнан астам шетелдік турист келген. Билік енді жаңа жүйе енгеннен кейін, келушілер саны көбейеді деп үміттенеді.

Жаңа жүйені қолданғысы келетін шетелдік азаматтар Тәжікстанға келер алдында e-visa.tj. сайтына кіріп, өтініш толтырады. Екінші қадам – пластикалық карта арқылы визаға 50 АҚШ долларын төлейді. Виза 90 күнге жарайды. Алайда шетелдік азамат Тәжікстанда 45 күннен артық жүре алмайды.

7-14 жұмыс күні ішінде электронды визаны алады. Бұл уақыт аралығында СІМ өтінішті қарап, шешім қабылдайды. Виза берілмеген жағдайда, төленген ақша қайтарылмайды.

Онлайн виза елге бір рет кіруге ғана жарайды. Егер шетел азаматы Тәжікстан арқылы үшінші елге баратын болса, онда оған жаңа виза әзірлеуге тура келеді.

XS
SM
MD
LG