Ссылки доступа

Қырғызстан таяу арада Еуропаға өнімдерін экспорттайды


​Еуропалық Одақ сарапшылары қырғыздың бизнес-қауымдастығына ЖАЖ +(Жаппай артықшылық жүйесі) мәртебесін түсіндіру үшін Қырғызстанға келді. Бұл жөнінде Еуроодақтың Бішкектегі өкілдігі хабарлады.

Олардың мәліметінше, 9 маусымда болатын кеңесте қырғыз кәсіпкерлері тауарларын Еуроодаққа экспорттауға қатысты барлық сұраққа жауап алады. Басты баяндамашылар – Еурокомиссияның сауда жөніндегі бас директораттың төраға орынбасары Николаос Заимис, Еуропа қызметінің сыртқы байланыс жөніндегі кеңесшісі Гус Хоуттуин және саясат мәселесі жөніндегі кеңесші Даниэль Крамер.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың қаңтарында Еуроодақ Қырғызстанға "ЖАЖ +" мәртебесін берген. Бұл 6 мыңнан астам тауар мен өнімдерді Еуропа нарығына баж салығынсыз жеткізуге мүмкіндік береді.

Мысалы баж салығынсыз тасымалданатын ауылшаруашылығы өнімдеріне – жеміс-жидек, құрғақ жемістер мен жаңғақтар (грек жаңғағы, бадам, фисташка), бұршақтар (фасоль, горох), темекі, тоқыма, киізден жасалған өнімдер, кілемдер т.б. кіреді.

XS
SM
MD
LG