Ссылки доступа

Өзбекстанда мақта алқабына мәжбүрлі жіберілген адамдар апатқа ұшыраған


Өзбекстанның Жызақ облысында азаматтарды мәжбүрлі түрде мақта алқабына жұмыс істетуге алып бара жатқан УАЗ автокөлігі апатқа ұшыраған. Нәтижесінде кәмелетке толмаған балалар зардап шеккен.

Апат нәтижесінде УАЗ автокөлігінде болған 23 адамның үшеуі ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Қалғандарын бірінші көмек көрсеткеннен кейін, емханадан шығарған.

Зарбдор ауданы әкімдігінде істейтін шенеуніктің бірі "Озодлик" радиосына (Азаттықтың өзбек қызметі) апаттың болғанын растады.

– Қазір мақта алқабы қараусыз қалған. Шөптер өсіп кеткен. Жызақ облысының әкімі аудандық басшыларға мақта алқабына тұрғындарды жинап, шөптерді тазалатуға бұйырды. Шын мәнінде жүк көлігі адамдарды тасымау керек. Егер жүргізушілер адамдарды мақта алқабына жеткізіп жатырмыз десе, милиция, автоинспекция өкілдері ештеңе демейді. Олар адамдарды отын тасығандай тасиды. Сол себептен апат орын алды. УАЗ көлігі шағын ғой, оған 23 адамның қалай сыйып кеткеніне таңым бар, – деді ол.

Өзбекстанда бұл күндері мұғалімдер мен дәрігерлерді, бюджеттік мекеме қызметкерлерін мәжбүрлі түрде мақта алқабында жұмысқа салып жатыр. Бас тартқандарды жұмыстан шығарамыз деп қорқытады.

XS
SM
MD
LG