Ссылки доступа

Нуланд: Санкция Ресейге қатысты күшті тетік


"Минск келісімінің орындалмайтын себебі осы. Біз санкцияның ұзартылуын талап етеміз," - деді ол. Нуландтың айтуынша, бұл санкция Ресей саясатына әсер етуі тиіс.

"Енді ресейліктер Минск келісімі бойынша жұмыс істей бастағанда, санкцияның қиындығын айта бастады. Санкцияны алып тастау үшін, оларға не істеу керектігін түсінсін"-дейді ол.

Ал АҚШ қорғаныс министрлігінің Ресей мәселесі жөніндегі шенеунігі Майкл Карпентер сенат комитетінде сөйлеген сөзінде Құрама Штаттар араласатын болса, Ресейдің Қырымға әскерді күшейтетінін ескертті.

Алдын мемлекеттік департамент Ресейді зымыран құрылысын салып жатыр деп айыптаған. Мәскеу болса, мұны жоққа шығарып, АҚШ-тың Шығыс Еуропадағы зымыранға қарсы жүйесі келісімді бұзып отыр АҚШ-қа қарсы айып таққан.

XS
SM
MD
LG