Ссылки доступа

Тәжікстанның бірінші президенті қайтыс болды


Каххор Махкамов 1982-1986 жылдары Тәжікстан министрлер кеңесі төрағасы болған. Рахмон Набиев Тәжікстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметінен кеткен соң ол орынға сайланған. 1990 жылы Тәжікстан жоғарғы кеңесі төрағасы болған Каххор Махкамовты сол жылы парламент елдің бірінші президенті етіп сайлаған.

Каххор Махкамов 1991 жылы 28 тамыздағы "Тамыз бүлігінен соң" наразы жұрттың қысымымен қызметінен кеткен.

Каххор Махкамов саясаттан кеткен соң ақпарат құралдарына сұхбат бермеген. Ол 1999 жылдан бері бұрынғы президент есебінде парламенттің жоғарғы палатасының өмірлік мүшесі атанған. Оның жары Гавхар төрт жыл бұрын қайтыс болған. Каххордың бір ұл бір, қызы бар.

XS
SM
MD
LG