Ссылки доступа

Қырғызстанда жұма намазға уақыт бөлу дауға айналды


Бұрынғы мүфти Чубак қажы Жалилов Facebook желісіндегі парақшасында аталған заң жобасына қарсы дауыс берген депутаттарды сынап, олардың аты-жөндерін жариялаған.

Жанар Акаев бұл сынға "жұма намазға қарсы емеспін әрі ораза тұтып жүрмін" деп жауап қайтарған.

Қырғызстандық әлеуметтік желіні қолданушылардың дені Жанар Акаевты қорғаған. Олар "Қырғызстан Конституциясы бойынша, дін мемлекеттен бөлек делінгенін" атап көрсеткен.

Парламент комитетінің отырысында жұма күні мұсылмандар мешітке барып, намаз оқу үшін түскі асты екі сағатқа созу жөніндегі заң жобасын талқылаған. Бірақ комитеттің тоғыз мүшесінің алтауы түзетулерге қарсы дауыс беріп, бірінші оқылымда кері қайтарған.

XS
SM
MD
LG