Ссылки доступа

Жарыстардан шеттетілген Мария Шарапова сотқа арызданбақшы


Мария Шарапова

Мария Шарапова

​Ресей теннисшісі Мария Шарапова Халықаралық теннис федерациясының (ITF) антидопингтік тәртіпті бұзғаны үшін спортшыны екі жылға жарыстан шығару жөніндегі шешіміне шағымданбақшы.

Шарапова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына бұл шешімді Спорттық арбитражды сотқа беретінін жазған (CAS).

Өзін спорт жарыстарынан шеттетуіне байланысты Шарапова Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды. Мұнан бөлек Үлкен шлемнің бес дүркін жеңімпазы Австралия-2016 ашық чемпионатында ширек финалға шығып, алған ақшалай сыйақысынан, ұпайларынан айырылады.

7 наурызда АҚШ-та баспасөз мәслихатын өткізген Мария Шарапова қаңтар айында Australian Open кезінде допинг-тесттен,ағзасынан мельдония анықтағанын айтқан. Оның сөзінше, бұл препаратты бірнеше жыл қатарынан ішкен. Бірақ мельдония тек бірінші қаңтардан бастап, тыйым салынған тізімге енген.


XS
SM
MD
LG