Ссылки доступа

Қырғызстанда лаңкестікті насихаттағаны үшін жазаны қатайтуды ұсынады


Қырғызстан парламенті терроризм мен экстремизмді жариялы түрде насихаттағаны үшін жауапқа тартылатын заң жобасып қарап, бірінші оқылымға жіберді. Бұл жөнінде ҚР парламентінің ресми сайтында жарияланған.

Заң жобасы жөніндегі мәліметті авторлардың бірі Ұлан Примов таныстырды. Оның мәліметінше, халықаралық терроризм мен экстремизм саласындағы қылмыс үшін жауапкершілікті қатайту қарастырылған.

Атап айтқанда, лаңкестікті насихаттағаны үшін, кәмелетке толмағандарды ұрыс алаңына шығарғаны үшін, терроризм туралы жалған ақпарат бергені үшін жаза күшейеді.

Ресми мәлімет бойынша, 500 қырғызстандық, олардың ішінде 122 әйел Ирак пен Сирияда террористер қатарында соғысып жүр. 40 шақты адам соғыс кезінде қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG