Ссылки доступа

Тәжікстан Ұлттық бірлік күнін мерекелеуге дайындалуда


27 маусым Тәжікстанда - демалыс күні.​ Ұлттық бірлік күні Таулы-Бадахшан автономды облысының орталығы Хорог қаласында атап өтілмек. Ресми ақпаратқа сәйкес, "Әлем шатыры" деп аталатын халықаралық мәдени-туристік фестиваль өтеді деп күтіледі.

Алайда тәжік сарапшысы Абдумалик Кодирдің сөзінше, бұл мереке өзінің құндылығын жоғалтқан. "Бұл күнді тойлаудың еш мәнісін көріп тұрғам жоқ. Дағдарыс уақытында бюджет ақшасын шашудың қажеті жоқ. Оның үстіне үкімет тарапынан бейбіт процесті көріп тұрғам жоқ", - дейді ол.

Саясаттанушы Сайидмухиддин Дустмухаммадиённің сөзінше, Ұлттық бірлік күні қазіргі жағдайды саналы түрде түсіну үшін маңызды, себебі қазір екі тарап та бейбіт келісімді бұзып отыр. "Әзірге Тәжікстанда бейбіт келісімді қайта жаңарту кеш емес. Бүгінде он мыңдаған жастар әртүрлі діни топтар мен қозғалыстардың жетегінде жүр. Олар билік пен қоғамның назарынан тыс қала алмайды", - дейді саясаттанушы.

XS
SM
MD
LG