Ссылки доступа

АҚШ: Тәжікстанның ислам партиясы жетекшілерін соттауы демократияны тежейді


АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігі Исламның жаңаруы партиясы саяси кеңесінің 14 жетекшісіне кесілген қатал түрме жазасы мен елде болып жатқан соңғы саяси оқиғалар Тәжікстанның демократиялық дамуына кедергі келтіреді деп мәлімдеді.

Елшіліктің 9 маусымда жариялаған ресми мәлімдемесінде АҚШ осыған дейін де Тәжікстан үкіметінен ТИЖП мүшелеріне қатысты әділ әрі ашық сотты талап еткенін еске салған.

Елшілік мәліметінше, АҚШ сонымен бірге тәжік билігінен Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіде көрсетілгендей, айыптаушылардың құқығының қорғалуы керектігін де атап өткен.

АҚШ ресми мәлімдемесін Тәжікстан Жоғарғы сотының Исламның жаңаруы партиясы жетекшілеріне шығарған үкімінен кейін, бір аптадан соң жариялады.

XS
SM
MD
LG