Ссылки доступа

ҰҚМК Чубак қажы Жалиловке ескерту жасады


Ақпаратқа сәйкес, Жалилов жұма күні мешітке намаз оқуға барушыларға түскі асты ұзарту жөніндегі заң жобасын белсенді қорғаған. Алайда ол қырғыз парламенті заң жобасын кері қайтарғаннан кейін, Жогорку Кенеш депутаттарын әлеуметтік желілерде ашық сынға алған.

Еске сала кетейік, парламенттің әлеуметтік, білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау комитетінде депутат Тазабек Икрамовтың бастамасымен жұма күні түскі асты мұсылмандарға намаз оқуға мүмкіндік беру үшін тағы да бір сағатқа созу жөніндегі заң жобасын қараған.

Бұл тақырып әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды.

XS
SM
MD
LG