Ссылки доступа

Түркияның оңтүстік-шығысындағы шабуылды күрд содырлары жасаған


Аталған топтың мәлімдемесінде 8 маусымда жанкешті Сириямен шекаралас Мидият қаласы Мардин елдімекеніндегі полиция басқармасы ғимаратының жанында мина қойылған көлікті жарып жіберген.

Түркия құқық қорғау органдарының мәліметінше, жарылыстан үш полиция мен үш бейбіт тұрғын қайтыс болған. Ондаған адам жараланған.

Түркия билігі Стамбулдың орталығында болған жарылысты да Жұмысшы партиясының жасағаны туралы дәлелдері бар екенін мәлімдеді. 7 маусымда болған жарылыстан 11 адам қайтыс болды.

Былтыр шілде айында Анкара мен Күрдістанның жұмысшы партиясы арасындағы бітім тоқтатылғаннан кейін, Түркияда жарылыстар көбейіп кетті.

XS
SM
MD
LG