Ссылки доступа

Симферопольде "сыпайы адамдарға" ескерткіш орнатты


Симферополь орталығында ашылған екі метрлік қоладан жасалған мүсіндерде ресейлік арнайы жасақ, гүл ұстаған қыз бен кішкентай күшік бейнеленген.

Мұндай монументті жасау идеясын қырым парламенті депутаты, Ресей бақылауындағы Қырым үкіметінің басшысы Сергея Аксеновтің әкесі Валерий Аксенов ұсынған.

Ескерткіш салуға садақа есебінде бірнеше ай бойында халықтан 5 миллион рубль жинаған. "Крым.Реалии" ақпаратына қарағанда, қырымдықтар ескерткіш салуға ақша жинағылары келмеген.

Бұл Қырымда ресейлік әскерилерге арнап салынған екінші монумент. Біріншісі 16 наурызда Бақшасарай саябағында ашылған.

XS
SM
MD
LG