Ссылки доступа

УЕФА Ресей мен Англияны Еуро-2016 ойындарынан шеттетуі мүмкін


​Еуропалық футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) Ресей мен Англия құрама командаларының жанкүйерлері жаппай тәртіпсіздікті одан әрі жалғастыра берсе, аталған топтарды ойыннан шығарып тастаймыз деп мәлімдеді.

Алдын жексенбі күні УЕФА Англия құрамасының фанаттарымен қақтығысып қалғаны үшін ресейлік жанкүйерлерге қатысты тәртіптік іс қозғаған. Іс нәсілшілдіктері үшін, жаппай тәртіпсіздікке қатысқандары үшін және пиротехниканы пайдаланғаны үшін қозғалған.

11 маусымда ресейлік және ағылшын жанкүйерлері арасында орын алған қақтығыстан кемінде 30 адам зардап шеккен. Олардың бірі – 50 жастағы Англия азаматы ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Ресей мен Англия құрама командалары арасындағы футбол ойыны 1:1 есебімен аяқталды. Ойын аяқталғаннан кейін ресейлік жанкүйерлер ағылшындар отырған секторды басып кіріп, төбелес шығарған. Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко оқиғаның себебін стадиондағы қауіпсіздік мәселесінің нашар ұйымдастырылғанынан көреді.

XS
SM
MD
LG