Ссылки доступа

Өзбек саудагерлері дөрекі милиционерлерге помидор лақтырған


Өзбекстанның Ферғана облысы Қоқанд қаласының "Коппон" базарында саудагерлер мен милиция қызметкерлері арасында қақтығыс болған.

Әкімшіліктің көкөністі базар ішіне кіргізу туралы шешімі сатушылардың наразылығын туғызған. Базар әкімшілігі өздерінің шешімдерін орындату үшін құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінген. Алайда тәртіп сақшыларының дөрекілігі сатушылардың ашу-ызасын көтерген.

"Милиционерлер сатушыларға базардың ішіне кіруді талап етіп, шелектерін аяқтарымен тебе бастады. Нәтижесінде көкөніс шашылып қалды. Ашу-ызаға булыққан саудагерлер милиционерлерге помидор мен қырықжапырақ лақтыра бастады. Бір минөт ішінде қақтығыс басталып кетті. Тәртіп сақшылары қосымша күш шақыра бастады," – дейді оқиға куәгері.

Қоқанд қаласы әкімдігі өкілінің сөзінше, милиция базарға тәртіпке сай шақырылған. "Бәрін сол күні сабырға шақырдық. Барлығы бір-бірлерімен түсіністі. Ешкімді ұстаған жоқпыз," – дейді әкімдік өкілі.

XS
SM
MD
LG