Ссылки доступа

"Карамык" бекеті басшысы: шекараның өз заңы бар


Көптеген қырғыз жүргізушілері осыған дейін Карамык бекетіндегі тәжік шекарашыларына пара сұрайды деп шағымданып келген. Енді олардың аралары тіптен нашарлап кеткен. Тәжік шекарашылары болса, ақша талап етеді дегенді жоққа шығарады.

Қырғызстанның жүк тасымалдау қауымдастығының төрағасы Толубай Ушбаевтың сөзінше, бұрын тәжік шекарашылары әрбір көлікті тексерістен өткізу үшін 50 сомони алып келген, енді қырғыз жүргізушілерінің шағымынан кейін, әрбір көліктерді тоқтатып, асықпай бір сағаттай тексеретін болған. Оның үстіне тәжік шекарашыларының қолына Қырғызстандағы Тәжікстан елшілігіне шағымданған 25 көлік жүргізушісінің аты-жөндері бар тізім түскен. "Шекарашылар аталған тізімді көрсетіп, осы үшін жауап бересіңдер деп сес көрсетеді екен", - дейді Ушбаев.

Алайда "Карамык" бекетінің басшысы қырғыз жүргізушілерінің талаптарын жоққа шығарып, шекарашылар заңға сәйкес жұмыс істеп жатыр дейді. Оның сөзінше, көліктерді төрт құрылым – Есірткіге қарсы күрес агенттігі, Кеден қызметі, Көлік министрлігі мен Шекара әскері бас басқармасы тексереді. Ол сонымен бірге шекарашылардың қолдарынан ешқандай тізім көрмегенін де айтады.

Алдын Тәжікстанның Шекара әскері бас басқармасының баспасөз хатшысы Мухаммад Улугходжаев "Карамык" бекетіндегі жағдаймен таныс екенін айтқан. Онда қырғыз көліктерінің жиналып қалуын "техникалық" себептермен түсіндіріп, біріңғай ақпарат жүйесі енгізілгенде бұл қиындықтардың бәрі жойылады деген.

XS
SM
MD
LG