Ссылки доступа

Ирак әскері Фаллуджаға "дәліз" ашты


Ирактың ішкі көшіп-қонуына көмек көрсететін босқындар жөніндегі Норвегия кеңесінің есебі бойынша, Фаллуджа қаласын "Ислам мемлекеті" экстремистік тобынан азат ету операциясы басталғаннан бері, қаладан 27 мың 580 азамат шыққан. Кеңестің мәліметінше, радикалды исламшылдар қаладан шыққысы келетін әрбір адамнан 130 доллар талап еткен.

Гуманитарлық ұйымның есебі бойынша, Фаллуджада әлі 50 мыңдай бейбіт тұрғын бар. БҰҰ мәліметінше, қалада азық-түлікке, ауыз суға мұқтаж 90 мың азамат бар.

Ирак әскері шиит отрядының қолдауымен әрі АҚШ басқаратын коалицияның күшімен 22 мамырда Фаллуджаны азат ету операциясын бастаған. Фаллуджаны "Ислам мемлекеті" тобы 2014 жылдың қаңтарында басып алған. Ол Иракта радикалды исламшылдардың басып алған бірінші қаласы болған.

XS
SM
MD
LG