Ссылки доступа

Өзбекстан саяхаттауға тиіс алғашқы 10 елдің қатарына енді


Басылым Өзбекстан жайында аңызға айналған Жібек жолының орталығы әрі қауіпсіз ел деп жазады.

Онда негізгі тарихи орталықтар Бұхара мен Самарқандта соңғы жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Самарқандтағы Регистан алаңындағы он жылға созылған құрылыс жұмыстары тек былтыр ғана аяқталған.

Журнал Өзбекстанға баратын туристерге қой етінен жасалған жұпар иісті палау мен жол бойындағы кафелерден лағманның дәмін татуға кеңес береді. Қой еті, сәбіз, күріш және әртүрлі тұздықтар қосылған жұпар иісті палау ұйықтап жатқан адамды оятады деп жазады басылым.

Еске сала кетейік, жақында британдық The Telegraph басылымы да Өзбекстанға міндетті түрде баруға тиіс 11 себебін атаған.

XS
SM
MD
LG