Ссылки доступа

2016 жылы Ресей мигранттарының ТМД елдеріне ақша аударуы бәсеңдеген


"Коммерсантъ" ресейлік басылымының жазуынша, Ресейдегі экономикалық жағдайдың нашарлауынан ТМД елдеріне ақша аудару көлемі де бәсеңдеген.

Ресейлік Центробанктің мәліметінше, 2016 жылдың алғашқы тоқсанында жеке тұлғалардың Ресейден ТМД елдеріне ақша аударуы 914 миллион доллар болған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 3,3 миллиард долларды құраған.

Алдын Өзбекстан лидерлік еткен: 2016 жылдың бірінші тоқсанында Ресейден Өзбекстанға 256 миллион доллар ақша аударылған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 910 миллион доллар болған. Яғни үш есеге азайған. Екінші орында тұрған Тәжікстан төртінші орынға түскен. Бұл елге ақша аудару 6,3 есеге азайған. Төртінші орыннан екінші орынға көтерілген Қырғызстанға алғашқы тоқсанда 150 миллион доллар ақша аударған. Осыған дейінгі көрсеткіш 386 миллион доллар болған. Яғни 2,6 есеге төмендеген.

Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2016 жылы Орталық Азияда жылдық өсім 1,2 пайызға төмендейді. Бұл соңғы 20 жылдағы бірінші өзгеріс.


XS
SM
MD
LG