Ссылки доступа

Кремль: Петербургте Әзербайжан мен Армения басшылары кездеседі


Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) және Әзербайжан президенті Ильхам Алиев.

Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) және Әзербайжан президенті Ильхам Алиев.

Кремль Ресей президенті Владимир Путин 20 маусымда Санкт-Петербургте Таулы Қарабақ жанжалы мәселесіне қатысты Армения және Әзербайжан президенттерімен кездесетінін мәлімдеді.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ресей Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения президенті Серж Саргсянның кездесуін ұйымдастырып, Таулы Қарабақ жанжалы мәселесіндегі "араағайындық миссиясын жалғастыратынын" мәлімдеді. Саргсян Әлиевпен соңғы рет өткен айда Венада кездескен.

Сәуірдің басында Таулы Қарабақта Армения қолдайтын сепаратистер мен Әзербайжан әскері арасында төрт күнге созылған қақтығыс болып, сосын екі жақ арасында бітім жасалған.

Өткен айда Армения мен Әзербайжан президенттері атысты тоқтату және қақтығысты бейбіт реттеуге бейіл екендерін білдірген.

Әзербайжан мен Армения арасында 1990 жылдардың басында Таулы Қарабақ аймағына қатысты соғыс болып, кейін бітім жасалған. Негізінен этникалық армяндар тұратын территория 1988-1994 жылдардағы соғыста Әзербайжаннан тәуелсіздігін жариялаған. Соғыстан 30 мыңға тарта адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG