Ссылки доступа

Кәрім Мәсімов Ақтөбеге барды


Мәсімов түске дейін Ақтөбеде "Батыс-2" ықшамауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй мен бала бақша құрылысымен танысқан. Бұдан соң ол жедел жәрдем ауруханасына барып, онда емделіп жатқан жаралы науқастарға кіріп шығу жоспарланған. Премьердің жоспарында "Нұр Отан" партиясы филиалы кеңсесінде көпшілікпен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кездесу өткізу де бар.

Мәсімов 5 маусымда қарулы топ шабуыл жасаған Ақтөбедегі Ұлттық гвардияның 6655 әскери бөліміне де барады.

Кәрім Мәсімов Ақтөбеде 5 маусымда бір топ қарулы адам екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуылдап, салдарынан ресми мәлімет бойынша сегіз адам қаза тапқан оқиғадан соң аймаққа барған жоғары шенді алғашқы шенеунік. Шабуылдан кейінгі терроризмге қарсы арнайы операциялар барысында 9 күдікті ұсталып, 18-інің көзі жойылған.

XS
SM
MD
LG