Ссылки доступа

Құмтөр келісімінің коррупцияға қатысы тексеріледі


Шахта Кумтора.
Шахта Кумтора.

Бас қадағалаушы орган 2003-2004 және 2009 жылдардағы Құмтөр кенішіне қатысты бекітілген келісімнің жағдайын тексеріп, егер коррупциялық дәйектер, теріс пайдалану анықталса, оны жариялайды.

Алмазбек Атамбаев мұндай тапсырманы апта басында 2000 жылдардың басында "Қырғызалтын" компаниясын басқарған Дастан Сарыгуловты тұтқындағаннан кейін берді. Ол Centerra Gold Inc компаниясының экс-президенті Леонардо Хоменюканың куәсі бойынша ұсталған. Хоменюка 2000 жылдардың басында қырғыз билігінің шетел инвесторларынан пара сұрағанын айтқан.

Құмтөрге қатысты келісімнің заңдылығы кенішті өндіруде экологиялық залал келтіруге байланысты сот қарауымен қатар жүреді. Бішкектің ауданаралық соты "Құмтөр Оперейтинг Компани" ЖАҚ-қа мемлекеттік экотехинспекцияның шағымы бойынша 7 миллиард сом көлемінде айыппұл салған.


XS
SM
MD
LG