Ссылки доступа

Ресей Алеппода 48 сағаттық бітім жариялады


Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри 15 маусымда Ресей мен Сирия билігіне "АҚШ-тың төзімі таусылып бара жатқанын" айтып, ақпанда жасалған қақтығысты тоқтату келісімін құрметтеуі тиіс екенін ескерткен.

Ресей "Әл-Қаиданың" Сириядағы бөлімі "Нусра майданы" тобын Алеппо маңындағы елді мекендерді реактивті дүркіндете ататын жүйеден атқылады және қаланың оңтүстік-батысына танкіден шабуылдады деп айыптайды.

Ресей Алеппода орналасқан сириялық көтерілісшілер мен қарулы топтармен соғысып жатқан Сирия билігіне жақтас топтарға әуе шабуылы арқылы қолдау көрсетеді.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, 14 маусымнан бері қақтығыстарда 70 сарбаз қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG