Ссылки доступа

Тәжікстанда анонимайзерлерді бұғаттай бастады


Тәжікстанның негізгі интернет-провайдерлері веб-сайттарды сүзгіден айналып өтетін бірқатар анонимайзерлер мен өзге бағдарламаларға тосқауыл қоя бастады. Соңғы жылдары елде билік жаңалықтар агенттігін, әлеуметтік желілерді және видеохостингтерді белсенді түрде бұғаттай бастаған. Алайда қолданушылар прокси-серверлер және анонимайзерлердің көмегімен жабылған сайттарға кіре алатын.

"Анонимайзер" дегеніміз пайдаланушыларға өзінің желідегі IP-адресін өзгертіп, жергілікті жерде тосқауыл қойылған сайттарға кіруге мүмкіндік беретін арнайы веб-ресурстар.

Қазіргі уақытта Тәжікстанда "Азия-Плюс, "Озоди" радиосы және "Озодагон" секілді ақпарат құралдары бұғатталған.


XS
SM
MD
LG