Ссылки доступа

Блогер Сириядағы ресей әскері туралы жазғаны үшін қамауға алынды


Алексей Кунгуров

Алексей Кунгуров

Сәрсенбі күні болған сот отырысында терроризмді насихаттады деп айыпталған Тюмень блогері Алексей Кунгуровке қатысты сот тыңдауы 19 тамызда басталатыны белгілі болды.

Оның қамауға алынуын ФСБ-ның аймақтық басқармасы талап еткен. Оған блогердің Сириядағы ресейлік әскер жөніндегі жазбасы себеп болған дейді сот залында болған журналист Максим Карпиков.

Блогердің зайыбы Livejournal желісіне Кунгуровті күзге дейін қамауға алғанын жазған. Ол футболдан Еуропа біріншілігі өтіп жатқанына байланысты сот отырысы жайында ешкім білмеді дейді.

Блогердің үйін тәркілеп, оның ұстағаны наурыз айында белгілі болған. Livejournal желісіне жария түрде терроризмді насихаттады деген айып тағылған. Одан елден кетпеу жөнінде қолхат алып, үйқамаққа алған. Бірақ сәрсенбіде болған сот оны қамауға алу туралы шешім шығарған.


XS
SM
MD
LG