Ссылки доступа

Тәжік салымшысы проблемалық банкпен соттасуда


Хуршед Махмадиев

Хуршед Махмадиев

32 жастағы Восей ауданы Гулобод қышлағының тұрғыны Хуршед Махмадиев наурыз айынан бері банкке депозит ретінде салған 15 мың долларын қайтара алмаған. Салымшы өзінің проблемасын БАҚ-қа жариялағаннан кейін "Точиксодиротбонк" оған 9 мың долларын қайтарған. Ал қалған 6 мың долларын түрлі себептермен бермей келеді екен. Хуршед Махмадиевтің шыдамы таусылып, банкпен соттасуды шешкен.

Алдын Куляб мемлекеттік университетінің оқытушылары да аталған банктен бірнеше ай бойында еңбекақыларын ала-алмай келгендіктерін айтып шығамданған. Олар да аталған банкті сотқа берген.

Мамыр айында Тәжікстанның Ұлттық банкі "Точиксодиротбонкке" уақытша басшы тағайындаған. Дағдарыс менеджерлеріне банктің қаржылық жағдайын көтеруді тапсырған. "Точиксодиротбонк" капиталы $5 млрд доллардан астатын елдегі ең ірі төрт банктің қатарында.

XS
SM
MD
LG