Ссылки доступа

Қазақстан билігі күш құрылымдарын күшейтпек


Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген Мәсімов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барғанында "өзі үшін бірінші орында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды болғанын" айтты. "Бұрын баспана, су, газ, азық-түлік тарифтері сияқты мәселелерді көтерсе, қазір бірінші орында ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету алға шықты. Сондықтан, мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмыс тобы құрылды. Біз жақын уақытта заңнаманы өзгерту ұсынамыз. Басқа да ресурстарды қарап, Қазақстан азаматтары өздерінің өмірін мемлекет қорғайтынына сенімді болу үшін арнайы құқықтық орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолға аламыз" деді Мәсімов жиында.

Маусымның 5-і күні бір топ қарулы "діни радикалдың" Ақтөбеде екі қару-жарақ дүкенін тонап, полиция мен әскери бөлімге шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов маусымның 14-і күні 25 шабуыл жасаушының "түгел көзі жойылғанын" хабарлады. Ақтөбедегі шабуылдаушылар қолынан барлығы жеті адам қаза тапты. Олардың үшеуі - әскерилер, төртеуі - бейбіт тұрғындар.


XS
SM
MD
LG