Ссылки доступа

Америкалық дипломаттар Сирия әскеріне соққы беруге шақырады


"Уолл-стрит Жорнэл" газеті мемлекеттік департаменттің елуге жуық қызметкері қол қойған қызмет құжатын жариялады. Олар егер АҚШ өз қатарына Сирияның сүнниттерін қосып, ИМ тобын қолдамауды үгіттесе, онда жалғыз жол — Вашингтонның басты мақсаты Дамаскінің қазіргі режимін биліктен кетіру екенін жергілікті халыққа жеткізу керек деген.

Құжатта Сириядағы бітім жөніндегі ақпан келісімінің сол күйі жүзеге аспағанын, енді тек үкімет әскеріне шабуыл жасау ғана қалғаны айтылады.

Хат авторлары АҚШ-тың Сириядағы соғыста ешбір тарапты қолдағысы келмейтін саясатына қарсы болған. Олар Асадтың Ресей әскерінің қолдауымен бітімгерлік келісімін бірнеше рет бұзып келгенін де айтқан.

Бұл америкалық дипломаттардың Ақ үйдің Сирия саясатына қатысты ұйымдасқан түрде келіспеушіліктерін білдірген бірінші жағдай.

Мемлекеттік департамент бұл құжаттың шынайылығын растады. Бірақ сыртқы саясат мекемесі басшылығы қарамайынша, түсініктеме беруден бас тартқан. Обама әкімшілігі болса, Асад режиміне қарсы әскери операция Ресей және Иранмен тікелей жанжалға ұласуы мүмкін деп алаңдайды.

XS
SM
MD
LG