Ссылки доступа

Ресейде Мемлекеттік думаға сайлау 2016 жылдың 18 қыркүйегіне белгіленді


Құжатта жарлық ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді делінген. Ол мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін бес күн ішінде жариялануы тиіс. Жарлық ресми жарияланғаннан кейін Ресейде федералды сайлау кампаниясы басталады.

Мемлекеттік думаға жетінші шақырылым сайлауы аралас жүйе бойынша өтеді: 225 депутат партия тізімі арқылы, 225-і бір мандатты округ арқылы сайланады. Мұнан бөлек, парламентке бес пайыздық межеден өткен партия өтеді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Интерфакске" 22 маусымда Владимир Путин Мемлекеттік думаға баратынын айтқан.


XS
SM
MD
LG